Басты бетЖаңалықтарБобомурад Ержанов: Бірлік – ел тұрақтылығының негізі

Бобомурад Ержанов: Бірлік – ел тұрақтылығының негізі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.

Қала алаңдарында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, түрлі этнос өкілдері ұлттық мәдениетін таныстырып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Тұрғындар мен қала қонақтары ән мен биге толы шараларға белсенді қатысып жатыр.

Осы орайда «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі Бобомурад Ержанов қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

«1 мамыр – еліміздегі татулық пен келісімнің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған ерекше мереке. Бұл күн – түрлі этнос өкілдерін ортақ мақсат пен құндылықтар төңірегіне біріктіретін маңызды дата.

Көп этносты Қазақстан қоғамындағы бірлік пен өзара құрмет – ел дамуының басты тірегі. Бүгінде татулық пен келісімнің арқасында мемлекетіміз қарқынды дамып, жаңа белестерді бағындырып келеді.

Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, әр шаңыраққа амандық тілеймін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік салтанат құрсын», – деді ол.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз