13.2 C
Kokshetau
13.2 C
Kokshetau
Пятница, 13 сентября, 2024
МәселеАнтикор Ақмола бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды

Антикор Ақмола бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды

Бөлісу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Бұқпа тауында «Көкшетау» жазуы түріндегі сәулет нысанын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді.

Айта кетейік, өткен жылдың шілде айының басында ауа-райының қолайсыздығына байланысты «ТАУ» әріптерінің металл конструкциясы бүлінген болатын.

Қаланың ТКШ бөлімі «зардап шеккен» әріптерді қалпына келтіру және қалған «КӨКШЕ» жазуын нығайту үшін бастапқыда 18 млн теңгеге жуық қаражат жұмсамақ болған.

Бірнеше коммерциялық ұсыныстарды зерделегеннен кейін мемлекеттік орган мердігермен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасуға шешім қабылдады. Тараптар жұмыстарды орындау құнын 17,6 млн теңгеге бағалады.

Бұл жағдай қоғамдық резонанс тудырып, келісімшарт жасасудың заңдылығы және осындай бағаны тағайындау туралы сұрақтар туындады.

Мониторинг шеңберінде өңірлік Антикор өкілдері объектіге барып, құрылымды орнату және жөндеу барысын қадағалады.

Сондай-ақ, барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізіліп, онда Департамент қалпына келтіру жұмыстарының бағасын төмендету және жазуды жөндеу сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Нәтижесінде қала әкімдігі шарттың құнын 4 млн теңгеге төмендетті. Бұл ақшалай қаражатты мәслихат сессиясы өткізілгеннен кейін қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктеріне бөлу жоспарлануда.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер тапсырыс беруші мен мердігердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауына тексеріс жүргізіп жатқан уәкілетті органға жүгінді.

Барлық материалдар ESILNEWS.KZ желілік басылымының және «ESIL-MEDIA» ЖК, сондай - ақ, оның лицензиарларының меншігі. Сайт материалдарын коммерциялық мақсатта толық немесе ішінара көшіруге тек сайт иесінің жазбаша рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы мақала

Өзге де жаңалықтар