Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында қылмыстық-атқару жүйесінде жаңа өндіріс іске қосылды

Ақмола облысында қылмыстық-атқару жүйесінде жаңа өндіріс іске қосылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Степногорск қаласындағы №5 мекемеде автокемпингтік жабдықтар шығаратын өндіріс іске қосылды.

Жалпы аумағы 520 шаршы метр болатын өндірістік ангар «Сафин» ЖК инвестициясы есебінен (шамамен 30 млн теңге) салынды. Жоба аясында 30 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды.

Өндіріс екі ауысымда жұмыс істейді, өнім 3–7 күнде дайындалады. Ай сайын 10-ға дейін тапсырыс орындалады.

Жоба сотталғандарды еңбекке тарту және әлеуметтік бейімдеуді күшейтуге бағытталған.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз