14.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында білім, спорт және медицина саласында 40-тан астам нысан салынып жатыр

Ақмола облысында білім, спорт және медицина саласында 40-тан астам нысан салынып жатыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

2025 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 40-тан астам әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған. Бұл өңір халқының өмір сүру сапасын арттыруға, соның ішінде оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілеріне арналған орындар санын көбейтуге бағытталған маңызды қадам.

Білім беру саласында жаңа мектептер мен балабақшалар пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 1500 оқушы орны және 840 балабақша орны ашылады. Бұл демографиялық өсім қарқынды жүріп жатқан аудандардағы орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау бағытында да ірі жобалар қолға алынған. Қосшы қаласында көпбейінді аймақтық аурухана салынып жатыр. Мұнда онкология, неврология және шұғыл медициналық көмек бөлімдері жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге арналған екі тұрғын үй мен пансионат салу жоспарланған.

Спорт саласында да ілгерілеу байқалады. Көкшетау қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Кешенде 650 орындық көрермен залы, сондай-ақ бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арналған арнайы залдар болады. Сыртқы аумақта жеңіл атлетикалық жолақтар, жаттығу және ойын алаңдары орналастырылады.

Зеренда ауылында тағы бір спорт нысаны бой көтеруде. Мұнда 1500-ден астам жасөспірім спортпен шұғылдана алады. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Учаске бастығы Сәлімалмас Қуатұлының айтуынша, қазіргі уақытта жабдықтар орнатылуда, ал нысан маусым айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Аталған жобалар – Ақмола облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалардың нәтижесі. Бұл жұмыстар өңір тұрғындарының сапалы білім алуы, спортпен шұғылдануы және заманауи медициналық көмекке қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз