Басты бетӨзектіРесейшіл блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ресейшіл блогерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Әлеуметтік желілерде ресейшіл блогерлер Анастасия Ахметова мен Эльвира Ваистің үстінен ұлтаралық араздықты қоздыру бабымен қылмыстық іс ашылып, біреуі үйқамаққа алынып, екіншісі тергеу абақтысына қамалғаны туралы ақпарат таралды. Тәуелсіз еліміздің, мемлекет құраушы қазақ халқының атына небір ғайбат сөздерді жаудырып жүрген блогерлердің қамауға алынғанын ұлтжанды азаматтардың бәрі қуана қабылдаса, ресейшіл ниеттегі адамдар оған өкініш білдіріп, тіпті бұл әділетсіздік, адам құқығын аяқ асты ету деп айыптауда.

КСРО ыдырап, оның құрамындағы республикалардың тәуелсіздік алғанына отыз жылдан асса да, Ресейде бұрыңғы одақты қалпына келтіру, тәуелсіздік алған елдерді қайта бодандыққа тарту идеясын жақтайтын және соны ашық айтып жүретіндер аз емес. Жасыратыны жоқ, бұл жеке азаматтардың ғана емес, Ресей мемлекетінің басшылығының да ұстанып отырған саяси бағдары екені қазір ешкімге құпия емес. Ресейдің ақпарат құралдары бұл жайында барша әлемге жар салып, ашық айтып жатыр. Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысы да сол идеяны жүзеге асырудың нақты қадамы екені анық.

Ресей тарапынан бұрыңғы одақтас республикаларға қарсы ақпараттық соғыс талай жылдардын бері жүргізіліп келеді. Қазақстан Ресейдің провинциясы болуы керек дегенді жарияға жар салып жағы талмай айтып жүрген қазақстандық Ермек Тайчибеков деген азамат сол әрекеті үшін біраз жыл бұрын сотталған болатын. Өткен жылы қазақ еліне қарсы ресейшіл көзқарас-пікірін әлеуметтік желі арқылы таратып жүрген блогер Аслан Төлегенов те сотталған еді.

Енді, міне, ресейшіл блогерлер Анастасия Ахметова мен Эльвира Ваистің үстінен де қылмыстық іс қозғалуда. Ресейлік ақпарат құралдарының бізге қарсы жүргізіп жатқан ақпараттық шабуылдарына түсіністікпен қарауға болар, дегенмен де өзі мекен етіп, нанын жеп жүрген мемлекетке қарсы көзқарас-пікірлерін ашық жариялап жүрген қазақстандықтардың әрекеті көңілге қорқыныш ұялатады. Ақша үшін Отанын өзге елдің қанжығасына байлап беруге әзір олардың бұндай әрекеттері Қазақстанды Отаным деп санайтын барша азаматтардың ашу-ызасын туғызатыны сөзсіз.

Олар бұндай әрекетті ақша үшін жасап жүр деуімізге негіз болар айғақтар баршылық. Өткен жылы сотталған Аслан Төлегеновтың үйінен құқық қорғаушылар 3 млн рубльдей қолма қол ақша тапқан еді. Оны кейін емделу үшін ресейлік азаматтардың бергені белгілі болды. Алып бара жатқан ауруы жоқ Төлегеновке сонша ақшаны бере салатындай ол қандай мырзалық дейсің.

Эльвира Вайстің бірқатар қазақстандық блогерлердің ресейдің грантын алып жұмыс істеп жатқаны туралы видеосы бар. Ресей ақшасына жұмыс істейтін ол блогерлердің бәрі сол елдің мүддесін қызғыштай қорғайды.

Қазақстанға үнемі қара күйе жағуға әзір тұратын блгер Анастасия Ахметова да ресейлік гранттан қаржыландырылады екен деген сөз бар. Эльвира Ваис грант алмайтынын айтты. Оның қаншалықты шындық екендігін құқық қорғаушылар анықтай жатар. Біздің назар аударғымыз келетіні, бұл екі азаматшаның өздері тұрып мекен еткен, нан-тұзын татып жүрген елге деген көзқарастары мен әрекеттері болмақ.

Анастасия Ахметова қазақ елінің тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен жетістіктері туралы ләм деп ауыз ашпайды, керісінше, өмірге қара көзілдірікпен қарап, тек олқылық пен кемшілікті жария етумен келеді. Оның айтуынша, Қазақстанның еш болашағы жоқ, жемқорлыққа белшеден батқан, экономикасы тұралап қалған.  Кеңес заманын сілекейі шұбыра мақтайтын ол қазақтарды өркениетке жеткізген, ел қылған Ресей дегенді жағы талмай айтып жүр. Прензидентіміздің өткізуге тиым салғанына қарамастан, 9 мамыр мерекесін өткізуді жақтап, қызыл әскердің киімін киіп, төсіне ресейшіл империяның рәмізі іспетті георгиев лентасынатғып алып сайраған Ахметова  жеңіс күнін тойлауға тиым салған биліктің шарасына ашық қарсылығын айтып келеді.

Қазақстанның Батыс елдерімен, оның ішінде АҚШ-пен байланысының нығаюына ашық қарсы Ахметова Қазақстан солардың ықпалына түсуде, болашақта бұның зор қаупі бар дейді және қазақ елі тек Ресеймен ғана достасуы керек, қазақты Батыстың құлдыққа салуынан құтқарып отырған жалғыз ел – Ресей дегенді айтады. Бұның бәрі ресейлік пропоганданың қазақстандық көшірмесі іспетті.

Ал Элвира Ваис деген қазақты жерден алып, жерге салып ашық балағаттауды әдетке айналдырып алғандай. Қазақстанда орыс ұлтының өкілдері қысым көріп жатыр, ұлтқышлдық ашық бас көтерген, русофобия кең белең алуда, дейді ол.

Олардың бұл әрекеттері несімен қауіпті? Украина мен Ресейдің арасының ушығуына да осындай блогерлер себеп болғаны белгілі. Украинада тұратын ресейшіл блогерлер бұл елде ұлтшылдар бас көтеріп, орыстілділерге қатты қысым жасалып жатқанын жарияға жар салған еді. Оны іліп әкеткен ресейлік БАҚ бандерлер мен украин ұлтшылдары туралы небір сұмдық жайларды жақтары талмай жария етті. Осының салдарынан Ресейдегі ғана емес, басқа бұрыңғы одақ елдеріндегі орыстілділер арасында Украинадағы ұлтшылдық туралы теріс түсінік қалыптасты. Оның ақыры соғысқа ұрындырғаны белгілі.

Ресей өткен жылы басқа елдегі орыс ұлтының өкілдерінің мүддесі қорғау үшін қажет болған жағдайда сол елдерге әскер кіргізу жөнінде заң қабылдады. Мынау Ахметова, Ваис сияқты блогерлер Ресейдің сондай басқыншылық саясатына негіз жасаумен айналысып жатқан жайы бар. Олар өмірде жоқ «русофобия» дегенді тауып алып, Қазақстанда орыс ұлтының өкілдеріне қысым жасалуда, ұлтшылдық бас көтеруде деп жар салып жүр. Бұның өзі болашақта Ресейдің елімізге орыс ұлтының өкілдерінің мүддесін қорғау мақсатында әскер кіргізу қатерін күшейтеді.

Қазақ еліне, қазақ халқына деген теріс көзқарастарын үнемі жарияға жар салып айқайлап айтып жүрген бұл екеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалуы әділдіктің көрінісі десек болады. Президентіміздің жүргізіп отырған саясатына ашық қарсы шығып, қол жеткен жетістіктерімізді теріске шығарып, «русофобия» деген ойдан шығарылған ұранмен еліміздің, халқымыздың атына қара күйе жағып жүрген екі блогер әлдеқашан заң алдында жауап беруі тиіс еді. Шектен шығып кеткен оларды заң тезіне салатын уақыт жеткені анық.

Анастасия Ахметова мен Эльвира Ваистің істері мәресіне жетіп, Төлегенов, Тайчибеков сияқты заң алдында жазаларын алады деген ойдамыз.

 

Қалкөз Жүсіп.  

 

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз