Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында автожолдарды есепке алу және диагностика жүргізілуде

Ақмола облысында автожолдарды есепке алу және диагностика жүргізілуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жолдардың сапалы әрі қауіпсіз болуы үшін оларды тек салып қана қоймай, тұрақты түрде әрі дәлме-дәл тексеріп отыру қажет. Осы мақсатта «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы жол инфрақұрылымын диагностикалаудың заманауи технологияларын қолдануда.

Бүгінде филиалдың қарамағында жаңа буындағы жылжымалы жол зертханасы жұмыс істейді. Бұл – жол жағдайын кешенді бағалауға арналған инженерлік кешен. Оның құрамына жол параметрлерін өлшейтін датчиктер мен GPS-навигация жүйесі, жолдың геометриялық көрсеткіштерін, бойлық (IRI) және көлденең тегістігін өлшейтін құрылғылар, сондай-ақ ақаулардың сызықтық өлшемдерін тіркейтін бейнекамералар кіреді.

«Диагностика барысында жол жағдайын анықтауға арналған “SRDS” бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі қолданылады. Бұл жүйе адам факторын барынша азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бағдарлама кәсіпорынның өз әзірлемесі болып табылады», – деді филиал басшысы Талғат Қайратхан.

Биыл «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 210 шақырымын және жергілікті маңызы бар жолдардың 400 шақырымын диагностикалауды жоспарлап отыр.

Тексеру барысында жол-көлік оқиғаларының қаупі жоғары «қауіпті нүктелер» анықталады. Жиналған мәліметтер негізінде ақаулардың егжей-тегжейлі карталары мен сызбалары әзірленіп, басымдық берілетін жұмыстар тізімі жасалады, сондай-ақ қайта жаңғырту және жөндеу бойынша ұсынымдар беріледі.

Сонымен қатар автомобиль жолдарында көлік қозғалысының қарқындылығы есепке алынады. Оның мақсаты – жолдардағы қозғалыс қарқындылығы мен көлік құралдарының құрамы туралы объективті деректерді алу. Қозғалыс қарқындылығы дегеніміз – белгілі бір уақыт бірлігінде (сағат, тәулік) жолдың нақты бір учаскесінен өткен көлік құралдарының саны. Қарқындылықты есепке алу жұмыстары тек белгілі бір күндері – сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі.

Аталған іс-шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мемлекеттік стратегияның маңызды бөлігі болып табылады және жол инфрақұрылымын жүйелі түрде жетілдіруге мүмкіндік береді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз