Басты бетЖаңалықтарСотты құрметтемеу – жауапкершілікке әкеледі

Сотты құрметтемеу – жауапкершілікке әкеледі

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Сандықтау аудандық сотында сотты құрметтемеу дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша Н.-ға қатысты бұған дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни бірге тұратын тұлғаға қатысты балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, тараптар өзара татуласқан. Жәбірленуші де даудың реттелгенін растап, істі тоқтатуды сұраған. Осыған байланысты сот қаулысымен аталған іс өндірістен қысқартылды.

Алайда сот отырысы аяқталғаннан кейін азаматша Н. сот ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтамай, айналасындағыларға қатысты былапыт сөздер айтып, ескертулерге бағынбаған.

Аталған дерек бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігімен, яғни сотты құрметтемеу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен құқық бұзушыға 20 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сандықтау аудандық соты азаматтарға соттағы тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау әркімнің міндеті екенін ескертеді. Сотты құрметтемеу заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз