Басты бетЖаңалықтарШортанды ауданындағы медициналық инфрақұрылым жаңғыртылуда

Шортанды ауданындағы медициналық инфрақұрылым жаңғыртылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Шортанды кентіне жұмыс сапары барысында бірқатар медициналық нысандарды аралап, өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен инфрақұрылымды жаңарту барысын тексерді.

Сапар барысында өңір басшысы алдымен «Shortandy Med» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталық директоры Гүлжан Тұрсымбекованың айтуынша, мекеме амбулаториялық-емханалық қызметтен бастап, зертханалық диагностика және фармацевтикалық қызметке дейінгі медициналық көмектің кең спектрін көрсетеді. Сонымен қатар, тұрғындарды қабылдауға жергілікті мамандармен бірге Астана қаласынан арнайы шақыртылған дәрігерлер де тартылады.

Мұнда ерекше назар емдік-оңалту бағытындағы кинезитерапия орталығының қызметіне аударылды. Заманауи тренажерлермен және механотерапия құралдарымен жабдықталған орталықта тірек-қимыл жүйесі мен буын ауруларына шалдыққан науқастар кешенді оңалтудан өтеді. Кинезитерапия маманы Виктория Зарембаның айтуынша, орталықта күн сайын 60-қа жуық пациент жүйелі емдік жаттығулар алады.

Одан кейін облыс әкімі Шортанды аудандық орталық ауруханасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың қыркүйегінде басталғанын, қазіргі таңда перзентхана, хирургиялық және терапиялық бөлімшелерде ішкі әрлеу, сондай-ақ желдету жүйелерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өңір басшысы медициналық инфрақұрылымды жаңғырту – халық денсаулығын жақсартудың негізгі факторы екенін атап өтіп, жөндеу жұмыстарының созылып кетпеуі керектігін қатаң ескертті.

«Медициналық инфрақұрылымды жаңарту тікелей медициналық қызмет сапасына әсер етеді. Жөндеу жұмыстары ұзаққа созылған жағдайда қызмет көрсету сапасы төмендеп, тұрғындардың шағымы артады. Сондықтан жұмыстарды маусым айына дейін аяқтап, әр кезеңде қатаң бақылауды қамтамасыз ету қажет», – деді Марат Ахметжанов.

Осылайша, Шортанды ауданындағы медициналық мекемелерді жаңғырту жұмыстары өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың жалғасын табуда.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз