Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда Қопа көлінің жағалауындағы құдықтардың қақпақтары ашық тұр

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауындағы құдықтардың қақпақтары ашық тұр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Редакциямызға қала тұрғыны хабарласып, Көкшетаудағы жағалаудың жай-күйіне қатысты мәселе көтерді.

Оның айтуынша, «Жансая» тұрғын үй кешені маңындағы жағалауда бірнеше құдықтың қақпағы ашық тұр. Қоршалмаған, ескерту белгілері де қойылмаған. Мұндай жағдай, әсіресе, кешкі уақытта жаяу жүргіншілер үшін қауіп тудыруы мүмкін.

Қала тұрғыны мәселені заңды тәртіппен көтеріп, е-Өтініш жүйесі арқылы әкімдікке жүгінген. Алайда жауапты мекемелер арасында мәселе нақты шешімін таппаған. Алдымен өтініш «Көкшетау жылу» мекемесіне жолданса, кейін «Су Арнасы» тарапына бағытталған. Өз кезегінде олар бұл нысан өздеріне тиесілі емес екенін айтып, басқа ұйымға сілтеген.

Осылайша, мәселе бірнеше мекеме арасында нақты жауапсыз қалып отыр.

Ашық жатқан құдықтар — қала тұрғындарының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жайт. Сондықтан мұндай мәселелерді дер кезінде ретке келтіру маңызды.

Қала тұрғындары жауапты органдардан жағалаудағы қауіпті учаскелерді бақылауға алып, тиісті шара қабылдауды сұрайды.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз