-18.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАлаяқтар қысым көрсетіп, Степногорск тұрғынын жарты миллион теңге несие алуға мәжбүрлеген

Алаяқтар қысым көрсетіп, Степногорск тұрғынын жарты миллион теңге несие алуға мәжбүрлеген

Сондай-ақ, оқыңыз...

Степногорск қаласында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 31 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтардың психологиялық қысымына ұшырап, 500 мың теңге несие рәсімдеп, қаражатты белгісіз есепшотқа аударған.

Жәбірленушінің айтуынша, алдымен оған өзін курьерлік қызметкер ретінде таныстырған белгісіз адамдар қоңырау шалып, SMS арқылы келген алты таңбалы кодты айтуды сұраған. Еш күмәнданбаған азамат кодты айтып, осылайша алаяқтарға жеке деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік берген.

Шамамен он минуттан кейін оған қайта қоңырау түсіп, бұл жолы өзін ЦОН қызметкері, кейін Ұлттық банк өкілі ретінде таныстырған адамдар байланысқа шыққан. Олар ер адамның атына банктер мен микроқаржы ұйымдарында несие рәсімделіп жатқанын айтып, «шұғыл шара қабылдау» қажеттігін алға тартқан.

Екі күн бойы алаяқтар жәбірленушіге тұрақты психологиялық қысым көрсеткен: жалған анықтамалар мен скриншоттар жіберіп, туыстарынан қарыз алуды талап еткен, тіпті алтын бұйымдарын ломбардқа өткізу мүмкіндігін сұрастырған. Сондай-ақ құқық қорғау органдары тарапынан қудалау болады деп қорқытқан.

Қысымға шыдамаған қала тұрғыны 500 мың теңге несие рәсімдеп, көрсетілген есепшоттарға аударып жіберген. Кейін болған жағдайды түсініп, полицияға жүгінген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алғашқы жедел-іздестіру шаралары барысында ұрланған қаржы түскен есепшот иесі — так называемый «дроппердің» тұлғасы анықталған. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады: белгісіз адамдарға SMS-кодтарды, банк деректерін және жеке ақпаратты беруге болмайды. Күмән туындаса, әңгімені тоқтатып, ресми ұйымдарға өзіңіз хабарласқан жөн.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз