-19.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарМәжіліс депутаттары Көкшетау қаласының активімен кездесті

Мәжіліс депутаттары Көкшетау қаласының активімен кездесті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Наталья Дементьева мен Юлия Кучинская Көкшетау қаласының активімен кездесті. Басқосу Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының қызметі аясында ұйымдастырылды.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залында өткен жиын барысында ел үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер кеңінен талқыланып, қоғамды алаңдатқан түйткілдер ашық форматта ортаға салынды. Әсіресе, аутизм диагнозы қойылған балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Наталья Дементьева іссапар аясында Көкшетау қаласындағы аутизм балаларға арналған орталықтың жұмысымен танысып, ондағы жағдайды көзбен көргенін айтты.

Басты мақсат – орталықта тәрбиеленіп жатқан балаларға көрсетілетін көмектің сапасын бағалау, мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін зерделеу және мамандар тапшылығының бар-жоғын анықтау. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

«Жақында мен өзімнің депутаттық сауалымды жолдадым. Онда аутизм дертіне шалдыққан балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек спектрін кеңейтіп, қолдау тетіктерін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізілді», – деді Н.Дементьева.

Сонымен қатар, кездесуде жол және инфрақұрылым мәселелері, еңбекақы деңгейі, жаңа Салық кодексі мен Құрылыс кодексіне енгізілетін өзгерістер де кеңінен сөз болды. Қатысушылар өңірлердегі нақты жағдайларға тоқталып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Депутат Н.Дементьева бұл ретте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының жүйелі жұмысы елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға, түрлі әлеуметтік топтардың үнін билікке жеткізуге бағытталғанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар осындай ашық әрі мазмұнды пікір алмасулардың маңызын ерекше атап, алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз