-12.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖылу жоқ, уәде көп: Степняк тұрғындары тоңып отыр

Жылу жоқ, уәде көп: Степняк тұрғындары тоңып отыр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Степняк қаласында тұрғындар үйлерінде жаурап отыр. Қазандықтар тұрақсыз жұмыс істейді: бір жерде жылу бар, енді бір жерде жоқ. Кадр тапшылығы мен жалақының кешігуі жұмыстын берекесін қашырып отыр.

Тұрғындардың айтуынша, басты себеп – сапасыз көмір. Қазандықтарды жиі тоқтатып, тазалауға тура келеді, ал бұл ұзақ уақыт жылусыз қалу деген сөз. Абылайхан шағынауданы – ең проблемалы аймақ.

«Степняк Су» кәсіпорны тек уақытша түзетулер жасап, жүйелі шешім ұсынбайды. Абоненттердің қарызы өсіп жатыр, фискалдық чектер берілмейді, кассалық аппарат істен шыққан.

Ресми мәлімдемелерде барлық қазандық штаттық режимде, көмір сапасы нормативке сай делінеді. Бірақ қағаздағы «барлығы дұрыс» пен үйлердегі «суық» арасындағы айырмашылық жер мен көктей.

Қыс енді ғана басталды. Егер билік нақты шара қолданбаса, Степняк тұрғындары жылдағы әдет бойынша биылғы қысты да жаурап өткізуі әбден мүмкін.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз