-6.5 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАзаптау ісі: алқабилер 12 айыпталушыны кінәсіз деп таныды

Азаптау ісі: алқабилер 12 айыпталушыны кінәсіз деп таныды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында алқабилердің қатысуымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу органы оларды Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға тыйым салынған ықпал ету әдістерін қолданды деп айыптаған
(ҚР ҚК 146-бабы 3-бөлігі 1-тармағы — азаптау).

Сот талқылауының қорытындысы бойынша алқабилер сотталушылардың кінәсіз екені туралы үкім шығарды.

Қылмыстың орын алмағаны және сотталушылардың кінәсіздігі туралы шешім кеңесу бөлмесінде дауыс беру арқылы қабылданды.

Дауыс беру кезінде 10 алқаби мен 1 судьяның әрқайсысы бір дауыстан иеленді, ешқайсысына артықшылық берілген жоқ.

Сот үкімімен ҚАЖК-нің 12 қызметкері толық ақталды.

Ақталған тұлғалардың оңалту (реабилитация) алуға құқығы танылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз