Ақкөл аудандық соты аса ірі көлемде бірнеше рет жасалған алаяқтық фактісі бойынша Шортанды ауданының тұрғыны К.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Тергеу деректеріне сәйкес, К. азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атына несие, қарыз және тауарлық рассрочка рәсімдеп, өз пайдасына пайдаланған. Ол уәде еткен төлемдерді тоқтатып, жәбірленушілермен байланысын үзген. Сот анықтағандай, К. қылмысты күйеуімен алдын ала сөз байласып жасаған. Күйеуі өзінің жеке кәсіпкерлік шотын пайдаланып, кей жәбірленушілерді банктерге апарып отырған.
Барлығы 179 адамға келтірілген материалдық шығын әр түрлі мөлшерде – 600 мыңнан 45 млн теңгеге дейін жеткен. Сонымен бірге К. ТОО-дан 4,7 млн теңгеге автокөлік шиналарын алып, төлемеген. Сондай-ақ, В. есімді азаматты «жалған бизнес жобасына» ақша салуға үгіттеп, оның 73,5 млн теңгесін иемденген.
Сотта кінәлі адамның айыбы жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, құжаттармен және іс материалдарымен толық дәлелденді.
Үкіммен К.-ға 6 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда оның кәмелетке толмаған баласының бар екені ескеріліп, ҚК 74-бабы бойынша жаза өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ал К.-ның күйеуіне қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлінді.






