0.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБескөлдегі сағат дауы: ұқыпсыздық па, әлде кәсібиліктің жоқтығы ма?

Бескөлдегі сағат дауы: ұқыпсыздық па, әлде кәсібиліктің жоқтығы ма?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл кентінде орнатылған жаңа сағаттың экранында мемлекеттік рәміздерді көрсететін бейнеролик TikTok-тен сутаңбасымен бірге алынғаны анықталды.

Бұл — жай ғана техникалық қате емес, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық сауаты мен қызмет сапасына қатысты орынды сұрақ тудырады. Видеоның субелгісіз нұсқасын жүктеу мүмкіндігі бола тұра, әкімдік өкілдерінің мұндай қарапайым әрекетті орындамауы — кәсібилік талаптарының сақталмағанын көрсетеді.

Бюджет қаржысына жасалған жұмысқа ұқыптылық та, жауапкершілік те керек. Сутаңбамен кеткен видео — жұмысқа деген көзқарастың өлшемі.

Әкімдік мұндай олқылықтарды «ұсақ-түйек» деп емес, қоғамның сеніміне әсер ететін маңызды көрсеткіш деп қабылдауы тиіс.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз