-8.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында төрт көлік соқтығысқан жол апаты тіркелді

Ақмола облысында төрт көлік соқтығысқан жол апаты тіркелді

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Астана – Петропавл» тасжолында төрт автокөлік соқтығысты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Көліктерге тек механикалық зақым келген, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, «Toyota Carina E» маркалы көліктің жүргізушісі алдыңғы көлікпен арақашықтықты сақтамауы салдарынан «Chevrolet Niva»-ға соғылған. Салдарынан «Kia Rio» және «BMW X5» көліктері де апатқа ұшыраған.

Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнында әкімшілік хаттама толтырып, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазір өңір жолдарында ауа райының қолайсыздығына байланысты патрульдік полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолда арақашықтықты сақтап, жылдамдықты азайтып, абай болуға шақырады.

Кенет манёвр жасамау және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – жолдағы қауіпсіздіктің басты кепілі.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз