-2.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында сот дәрігерлерге біліктілік санаты үшін төленетін үстемақыны тоқтату заңсыз деп...

Ақмола облысында сот дәрігерлерге біліктілік санаты үшін төленетін үстемақыны тоқтату заңсыз деп таныды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облыстық сотының алқасы дәрігерлердің аудандық емханаға қарсы шағымын қарап, оларға біліктілік санаттары үшін үстемақыны төлеуді тоқтату шешімін заңсыз деп тапты, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, онколог-дәрігер С. бірінші біліктілік санатының, ал офтальмолог Е. жоғары санаттың иегері болған. Біріншісінің куәлігінің мерзімі 2021 жылдың қарашасында, екіншісінікі 2023 жылдың қарашасында аяқталған.

2024 жылдың 1 тамызынан бастап екі дәрігерге де куәліктің мерзімі өтуіне байланысты санат үшін үстемақы төлеу тоқтатылған. Алайда 9 желтоқсаннан бастап төлемдер қайта жалғастырылған.

Дәрігерлер С. мен Е. тамыз бен желтоқсан айлары аралығындағы төлемдер жасалмағанына байланысты алдымен келісім комиссиясына жүгінген, алайда олардың талабы қанағаттандырылмаған. Кейін олар сотқа шағым түсірген.

Сот алқасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Салалық келісімге сәйкес, 2015 жылдан кейін берілген біліктілік санаты туралы куәліктердің мерзімі өтіп кеткен жағдайдың өзінде, медицина қызметкерлерінің жалақысы бұрынғы санат ескерілген түрде есептелуі тиіс екенін анықтады.

Осыған байланысты сот дәрігерлердің талабын қанағаттандырып, аудандық емханадан қарыз сомаларын өндіріп алу туралы шешім шығарды: дәрігер С. пайдасына – 225 мың теңге, дәрігер Е. пайдасына – 700 мың теңге көлемінде үстемақы мен өкілдік шығындар өтеледі.

Облыстық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актілері заңды күшіне енді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз