7.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБолашақ жолшыларға кәсіби бағдар: Көкшетауда ашық есік күні өтті

Болашақ жолшыларға кәсіби бағдар: Көкшетауда ашық есік күні өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетауда болашақ жолшылар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Жоғары техникалық колледждің студенттері Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалында болып, өндірістік үдерістермен танысты, жолшылардың күнделікті еңбегінің ерекшеліктерін көрді.

Автожол саласы қашанда білікті мамандарға мұқтаж. Осыған байланысты өткен жылдан бастап жолшы мамандарды даярлауға мемлекеттік білім гранттары бөлінуде. Көкшетаудағы Жоғары техникалық колледж – осы бағыттағы негізгі оқу орны. Қазіргі таңда ондаған студент «автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу» мамандығы бойынша білім алып жатыр.

Филиалда өткен таныстыру экскурсиясын сынақ зертханасының меңгерушісі Руслан Құлиясов жүргізіп, студенттерге жолшы мамандығының қыр-сыры мен артықшылықтары туралы әңгімелеп берді. Оның айтуынша, кәсіби бағдар беру іс-шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Мектеп оқушылары мен студенттерге мамандықтың болашағы, оқу орындары, жұмыс мүмкіндіктері жөнінде мәлімет беріледі.

«Бұл жұмыстардың нәтижесі алдағы жылдары айқын көрінеді. Қазір техникалық мамандарды даярлауға барлық жағдай жасалуда», – деді ол.

Студенттерге жол-құрылыс материалдарының сынақтан өткізілу барысы көрсетіліп, зертханалық құрал-жабдықтар таныстырылды. Жастар сапалы жол салудың негізгі факторларымен де танысып, болашақ кәсібіне деген қызығушылықтарын арттырды.

Руслан Құлиясов атап өткендей, алғашқы кезеңде бұл мамандық жастарға аса беделді болып көрінбеуі мүмкін. Алайда бүгінде технологиялар дамып, еңбек жағдайы жақсарып, еңбекақы өсіп келеді. Жол саласына қатысты мамандық иелері оқу орнын тәмамдаған соң тез жұмысқа орналасатыны да статистикада көрініс тапқан.

Сонымен қатар филиал өңірде «2000 мектеп» акциясы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жалғастыруда. Өткен жылы жолшылар Ақмола облысының барлық аудандары мен қалаларында кездесулер өткізіп, оқушыларға дұрыс таңдау жасауға бағыт-бағдар берді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз