1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында ауладан жабайы сілеусін ұсталды

Ақмола облысында ауладан жабайы сілеусін ұсталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сандықтау ауданының Балкашино ауылында тұрғын үйдің ауласынан жабайы сілеусін табылды, деп хабарлайды Esilnews.kz.

Оқиға орнына құтқарушылар, егерлер және полиция қызметкерлері келіп, жануарды зиян келтірмей ұстады. Мамандардың айтуынша, бұл – әлі бір жасқа толмаған сілеусіннің баласы.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қолға түспей тұрып ол ауылдағы үй мысығымен «жанжалға» да үлгерген.

Жыртқыштың ауылға қалай тап болғаны белгісіз. Қазір ол аңшылық шаруашылығында бағып-қағылуда. Күшіне енген соң сілеусінді табиғи ортасына қайта жіберу жоспарланып отыр.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз