5.1 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖасанды интеллект пен тіл: вице - министр сынға қалды

Жасанды интеллект пен тіл: вице — министр сынға қалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Әлеуметтік салада жасанды интеллектті енгізу мәселесіне арналған дөңгелек үстел кезінде ұятты жағдай орын алды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса қойған сауалға қазақ тілінде жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Esilnews.kz.

Бұл әрекет тек парламент депутаттары арасында емес, қоғамда да қызу талқы тудырды. Мемлекеттік қызметші Қазақстанның ресми тілін білмей, оны қолданудан қалыс қалуы – мемлекеттік қызметтің беделіне тікелей нұқсан. Тіл мәселесі – тек формальді талап емес, ол халыққа, оның мәдениеті мен дәстүріне деген құрметтің өлшемі.

Қызығы сол, отыз жылда туып-өскен елдің тілін үйрене алмаған, цифрландырудан жалған ұран жасап, қағаз бастылықтан шықпай отырған шенеуніктер сол елде жасанды интеллектті дамытамыз деуі қисынға келмейді. Жасанды интеллекттің тиімділігі тек технологияда емес, оны игеретін адамның мәдениеті мен кәсіби жауапкершілігінде.

Кез келген цифрлық жоба сол елдің халқына, тіліне және діліне ыңғайлы болуы тиіс. Егер инновация халыққа түсінікті тілде ұсынылмаса, оның мәні мен тиімділігі азаяды. Мемлекеттік қызметтің мақсаты – технологияны тек енгізу емес, оны азаматтардың күнделікті өмірінде пайдалану, қоғамға оң әсерін тигізу. Сол себепті әрбір цифрлық жоба азаматтардың мәдениеті мен тіліне құрметпен, олардың мүддесіне сай жүзеге асырылуы міндетті.

Қазыбек Иса вице-министрге ескерту жасап, тілге немқұрайлы қараған әрекетті сынға алды. Мемлекеттік тілді сыйлау – әрбір қызметшінің басты міндеті. Жасанды интеллект пен инновацияларды енгізу алдында, адамға деген құрмет пен тілге жауапкершілік қамтамасыз етілуі тиіс. Әйтпесе, ең озық технология да бос сөз болып қалуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын «Цифрландыру туралы жазған «Арқа ажарының» өзі заман талабына жауап бере ала ма?» тақырыбымен мақала жариялаған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз