11.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетаудың қақ ортасында қараусыз қалған қауіпті ғимарат тұр

Көкшетаудың қақ ортасында қараусыз қалған қауіпті ғимарат тұр

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласының Абылай хан даңғылы бойында орналасқан бұрынғы радиозауыттың қос ғимаратына қатысты мәселе ондаған жыл бойы шешімін таппай келеді. Кеңес дәуірінде қаланың өндірістік орталығына айналған бұл нысан тәуелсіздіктің алғашқы жылдары түрлі ұйымдар мен оқу орындарына берілгенімен, соңғы онжылдықта мүлде қараусыз қалған, деп хабарлайды Esilnews.kz

Қаңыраған қабырға, сынған терезе

Бүгінде ғимараттың көрінісі адам шошырлық күйге түскен. Терезелері сынған, есіктері талқандалған. Іші қаңғыбастар мен нашақорлардың тұрақты мекеніне айналғаны жасырын емес. Кейде күндізгі уақытта мұнда балалардың да ойнап жүргені байқалады. Бұл — тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей қатер.

Жауапсыздық пен салғырттықтың көрінісі

Қаланың қақ ортасында тұрған осындай қаңыраған ғимаратқа әкімдік те, тәртіп сақшылары да назар аудармай отырғаны түсініксіз. Қараусыз нысан қала көркін бұзып қана қоймай, қоғам үшін нақты қауіп төндіруде. Тұрғындар бірнеше рет ғимаратты сүріп тастау немесе жөндеп, қайта пайдалануға беру туралы мәселе көтерген. Дегенмен, әзірге нәтиже байқалмайды.

Қауіптің көлеңкесінде қалған қала

Бүгінде Көкшетау қаласына келген қонақтар үшін де бұл ғимарат ең алдымен көзге түсетін көрініске айналып отыр. Бір кездері өндіріс мақтанышы болған радиозауыт қазір бейқамдық пен салғырттықтың символына айналды.

Жергілікті билік бұл мәселені шешуге қашан кіріседі? Әлде, бұрынғы зауыттың қаңыраған қабырғалары қала ортасында әлі талай жыл тұра бере ме?

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Көкшетаудағы балалар алаңы: қаңырап, қауіпті аймаққа айналған» тақырыбында мақала жариялаған едік.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз