Басты бетҚұқықАдам құқықтары мен бостандықтарын нығайту – басты қағидат

Адам құқықтары мен бостандықтарын нығайту – басты қағидат

Сондай-ақ, оқыңыз...

2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген болатын.

Конституцияның негізгі қағидаты – адамның құқықтары мен бостандықтарын одан әрі нығайту, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру және азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы отбасын қоғам мен мемлекеттің аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде бекітеді. Ата Заңда отбасыны, ана болуды, әке болуды және балалық шақты қорғауға ерекше орын берілген. Бұл отбасыны қолдау тек қоғамдық міндет қана емес, сонымен қатар мемлекеттің конституциялық міндеті екенін білдіреді.

Конституцияның ережелері некені заңға сәйкес мемлекет тіркеген ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы ретінде айқындайды. Еріктілік қағидаты некеге тұруға мәжбүрлеуге жол бермейді, ал тең құқықтылық ерлі-зайыптылардың бірдей құқықтары мен міндеттерін білдіреді.

Конституция нормаларында өскелең ұрпақтың әл-ауқаты үшін ата-аналардың жауапкершілігі де атап көрсетілген. Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-аналардың табиғи құқығы әрі міндеті болып танылады.

Бұл отбасы институтын нығайтуға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға құқықтық негіз қалыптастырады. Ең елеулі өзгерістердің бірі – азаматтарды цифрлық ортада қорғау. Қазіргі өмір ақпараттық технологиялармен, электрондық қызметтермен және цифрлық деректермен барған сайын тығыз байланысты.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – қазіргі Қазақстанды дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде өмірлік маңызы бар көптеген рәсімдерді мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ, электрондық форматта алуға болады. Олардың ішінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтер ерекше орын алады.

Баланың тууын тіркеу, некені қию және бұзуды тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу – мұның барлығы әр адамның өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Аталған қызметтерді электрондық форматта алуға болады. Электрондық үкімет порталы арқылы азаматтар өтініштерді қашықтан бере алады, қажетті мәліметтерді толтырып, өтініштің қаралу барысы туралы ақпаратты жеке кабинеттен ала алады.

Осылайша, цифрландыру мен отбасын қорғау Қазақстанның қазіргі заманғы дамуының бірін-бірі толықтыратын бағыттары болып табылады. Мемлекет заманауи технологиялар адамға қызмет етіп, оның күнделікті өмірін жеңілдетуге, құқықтарын қорғауға және отбасын нығайтуға ықпал ететін жағдайларды жасауда.

Осы жайлардан көрінгендей, жаңа Конституцияның маңызды мәндерінің бірі адам, оның отбасы, құқықтары мен әл-ауқатын нығайту, қауіпсіз және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құру болып отыр.

 

Т.Әубәкір,

Ақмола облыстық әділет департаменті

коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу

 және тіркеу қызметі саласындағы

 бақылау бөлімінің басшысы

 

 

 

 

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз