Басты бетЖаңалықтарБурабайда жастарға арналған танымдық экскурсиясы өтті

Бурабайда жастарға арналған танымдық экскурсиясы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

1 маусым күні «Батамен көтерілген Көк Ту» патриоттық акциясы аясында Бурабай ауданында жастарға арналған танымдық экскурсиясы өтті.

«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері ұйымдастырған шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, мемлекеттік рәміздерге құрмет пен ұлттық құндылықтарға адалдықты қалыптастыру.

Қатысушылар Бурабайдың тарихи-мәдени орындарымен танысып, Бөлектау төбесіне көтерілді. Мұнда Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Аманай Асылбайұлы жастарға ақ батасын беріп, ел бірлігі мен болашақ ұрпаққа ізгі тілек арнады. Батадан кейін Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді.

Шара жас буынның рухын көтеріп, патриоттық тәрбиені нығайтқан тағылымды кездесу ретінде есте қалды. Ұрпақтар сабақтастығы мен Көк Ту астындағы бірлік – ел ертеңінің берік негізі.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз