КеАҚ «Семей медицина университеті» ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы 2018 жылдан бастап кафедра негізінде құрылған “Студент – Донор” студенттік ұйымында жетекшілік қызмет атқарады.

“Студент – Донор” студенттік ұйымының ұйымдастырушысы кафедраның меңгерушісі, профессор Оразалина А.С., ұйымның ғылыми жетекшісі қафедра оқытушысы Нұрбекқызы А. Ұйымның ғылыми кеңесшісі Оралханова С.М.

“Студент – Донор” студенттік ұйымы – Семей қаласының медицина университетінің тәрбие процесіне және қоғамдық өміріне белсенді қатысатын қоғамдық ұйым. «Студент – Донор» ұйымы “Семей қаласының қан орталығы” ШЖҚ КМК-мен бірлесе жұмыс істейді.

“Студент – Донор” студенттік ұйымының төрағасы Асабаев Нұрасыл Нұрболұлы 3513 топ «Медицина» мамандығының студенті, ұйымның мүшелері “Медицина” мамандығының студенттері Исабек Адина Дәулетқызы, Далабай Мерей Жандосұлы, Галякбар Мадина, Азаматова Ақбота, Тастанбекова Меруерт, Агымова Венера, Балдяева Камилла, Ұлан Самғар, Әбішов Әсет, Серикбекова Әлия, Әлімханов Әлішер, Серік Гаухар, Бақытжанұлы Бекжан, Таирова Дильназ және “Стоматология ” мамандығының студенттері Еркін Диана Дулатқызы, Марат Жанэтта Талгатқызы. Қазіргі таңда ұйым құрамында 50-ден астам студент белсенді түрде жұмыс жасайды.
Студенттік ұйымның мүшелері тұрақты донация жүргізеді және ғылыми материалдарды жинап, нәтижелерді талдау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, қан топтары мен резус – фактордың тұқымқуалау мәселелері бойынша семинарлар мен тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу бойынша іс – шаралар ұйымдастырады, сонымен бірге, ұйым кураторлары “Болашақ дәрігерге бір қадам” атты бағдарламасы бойынша мастер – класстар мен Magellan зияткерлік ойындарын өткізеді. Студенттерді донациялау “Семей қаласының қан орталығы” ШЖҚ КМК базасында жүргізіледі.
Жобаның мақсаттары
- Сирек кездесетін қан топтары және резус – факторы бойынша КеАҚ «Семей медицина университеті» студент –донорларының қолданыстағы электрондық базасын толықтыру;
- Практикалық денсаулық сақтау саласымен байланыс орнату;
- Шұғыл жағдайларда “Семей қаласының қан орталығы” ШЖҚ КМК- ның жұмысын қолдау үшін КеАҚ «Семей медицина университеті» студент-донорлар электрондық базасын пайдалану;
- Қан тобы мен Rh-факторын анықтау бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
- “Студент – Донор” ұйымының құрамына кіретін КеАҚ «Семей медицина университеті» ұйымының білім алушыларының қан тобын айқындау процесінде алынған деректер базасына негізделген ғылыми жобаны іске асыру;
- КеАҚ «Семей медицина университеті» білім алушылары арасында резус – конфликт бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
- Студенттерді еріктілер қозғалысына тарту;
- Қаланың, аймақтың, облыстың тұрғындарына көмек көрсету;
- Басқа студенттік ұйымдармен байланыстарды нығайту.
Кафедра меңгерушісі, профессор Оразалина А.С., Нұрбекқызы А. Оралханова С.М., ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары










