Ақмола облысы аумағындағы Жібек Жолы ауылында болған адам өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқиғаға қатысты түрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әртүрлі болжамдар мен расталмаған ақпараттар таралуда.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті оқиға болғаннан кейін көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады. Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
Айта кетейік, жалған ақпарат таратуға қатысты жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қарастырылған.









