-29.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарКөкшетаудағы мектептерге шабуыл туралы ақпарат расталмады

Көкшетаудағы мектептерге шабуыл туралы ақпарат расталмады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы білім беру ұйымдарына қатысты тараған шабуыл жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Тексеру барысында аталған деректер расталмады. Таратылып жатқан хабарламалар жалған (фейк) болып табылады.

Қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. Сонымен қатар жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Жағдай Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз