Ақмола облыстық сотында өндірісте жарақат алған жұмысшының ЖШС-ке қарсы талап арызы қаралды.
Слесарь-жөндеуші А. жұмыс барысында ауыр жарақат алып, 3-топ мүгедектігі белгіленген. Кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту – 55 пайыз.
Жазатайым оқиғада жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі дәлелденді.Сот жұмысшының пайдасына 3 млн теңге моральдық зиян өтемақысын өндірді.
Жоғалтқан жалақы аннуитеттік сақтандыру аясында өтелген.
Еңбек заңнамасының бұзылуына байланысты Мемлекеттік еңбек инспекциясына жекеше ұйғарым шығарылды.
Қаулы заңды күшіне енді.









