-1.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында ауылдарға кірген жыртқыштар адамдарға қауіпті бола бастады

Ақмола облысында ауылдарға кірген жыртқыштар адамдарға қауіпті бола бастады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының бірнеше елді мекенінде жабайы аңдардың елді мекенге еркін кіріп, тұрғындарға қауіп төндіруі жиілеп отыр. Соңғы тәуліктерде бірнеше ауылда түлкілердің үй маңында жүруі, тіпті адамға шабуы тіркелген.

Есіл ауданында болған жағымсыз оқиға – соның айқын мысалы. Таңертең мал қорасын тазалап жүрген Елена Жаворонкованы түлкі аяқтан тістеп алған. Әйел бастапқыда оны өз иті деп ойлап, мән бермеген. Бірақ қауіпті жыртқыш екенін аңғарған сәтте қолындағы шанаппен қорғануға мәжбүр болып, ақыры түлкіні өлтірген. Мамандардың айтуынша, жануар құтырумен ауырған болуы мүмкін. Ал ең сорақысы — алғашқы көмек көрсетілгенімен, әйел аудан орталығына бару үшін алты сағат бойы көлік күтіп қалған.

Дәл осындай жағдай бұған дейін Бұланды ауданының Вознесенка ауылында да тіркелді. Тұрғындар түсірген видеода түлкінің ауыл ішінде емін-еркін жүріп, иттермен таласып жатқаны анық көрінеді. Бұл – жыртқыштың табиғи қорқынышының жоғалғаны немесе қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін.

Жуырда Көкшетаудың Сарыарқа шағын ауданында да балалар алаңында жүрген түлкі байқалған. Демек, мәселе тек бір ауылдың проблемасы емес – бүкіл аймаққа ортақ қауіпке айналып келеді.

Мамандар тұрғындарға сақ болуды, жабайы аңдарды байқаса дереу хабар беруді, үй жануарларын уақытылы вакцинациялауды ескертеді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз