Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қазылар алқасының қатысуымен Астана қаласының үш тұрғынына қатысты іс қаралды. Сот оларды «Бурабай» МҰТП аумағындағы Жөкей көлінде 640 кг балықты заңсыз аулағаны үшін кінәлі деп таныды. Мемлекетке келтірілген шығын — 9 млн теңгеден асады.
Сот әрқайсына 4 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 5 жылға балық шаруашылығымен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады. Қайық, ау-жабдықтар және балық толықтай тәркіленді.
Үкім әлі заңды күшіне енбеген.






