Целиноград ауданының Қоянды ауылында қараусыз иттер көбейіп, тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.
Тұрғындар кешкілік уақытта көшеге шығудан қалдық дейді. Баласын мектепке шығарып салған ата-ана енді оның аман келуін тілеумен отырады.
«Ауыл әкімдігі мен тиісті қызметтер қайда қарап отыр? Әр жолы «жұмыс жүргізілуде» деген жауап естиміз, ал қараусыз иттер көшеде емін-еркін жүр. Балаларымыз үшін қорқамыз», — дейді реадкциямызға хабарласқан тұрғындар.
Жергілікті билік жедел бір шара қолданбаса, бүгінгі қауіп – ертеңгі қайғыға айналуы әбден мүмкін.






