28 қыркүйекте Голубой залив аумағында жол апаты болды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәлметінше, «Lada» мен «Toyota» көліктері соқтығысқан.
Абырой болғанда, қаза тапқандар жоқ.
Полицияның мәліметінше, кінәлі жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.