-3.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Түрмеге қайта барғым келеді» – малшы үшінші рет Астанаға «бомба» қойылғанын хабарлаған

«Түрмеге қайта барғым келеді» – малшы үшінші рет Астанаға «бомба» қойылғанын хабарлаған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында малшы жалған теракт туралы хабар бергені үшін қатаң режимдегі колонияға жіберілді.

Аршалы аудандық соты терроризм актісі туралы жалған хабар беру дерегі бойынша қылмыстық істі қарады.

2025 жылдың тамызында М. есімді малшы, бұған дейін 2019 және 2023 жылдары дәл осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанына қарамастан, тағы да 112 нөміріне қоңырау шалып, Астанадағы автовокзалға бомба қойылғанын айтқан. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері шықты, алайда ақпарат расталмады.

Сотта ол кінәсін мойындап, мұндай қадамға баруын – «тегін тамақ пен киім бар түрмеге қайта оралғысы келгенімен, қазіргі таңда баспанасы жоқтығымен» түсіндірді.

Сот оның бұрынғы қылмыстарынан ешқандай нәтиже шығармағанын ескеріп, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді тағайындады.

Ақмола облысының Аршалы аудандық соты.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз