15 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарОблыс әкімі Марат Мұратұлының назарына!: автобустар саны аз, ерте тоқтайды, аялдамалар дұрыс...

Облыс әкімі Марат Мұратұлының назарына!: автобустар саны аз, ерте тоқтайды, аялдамалар дұрыс ойластырылмаған

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау шағын қала еді, қазіргі таңда қала халқы көбейіп, жаңа ықшам аудандар бой көтеруде. Соған қарамастан қоғамдық көлік сол осыдан 10 жылғы санынан артпай отыр. Қала халқының қоғамдық көлікке қатысты шағымы көп. Ең алдымен қоғамдық көлік сағат 11 жетпей тоқтап қалады.

Таксиі өте қымбат қала Көкшетау. Бір шетінен бір шеті 10 шақырымға жетпейтін қаладағы такси кешкі уақытта, «час пикте» 1000 теңгеден 2500 тенгеге дейін барады. Автобустың ерте тоқтауы ресейлік яндекс таксидің мұртын майлап тұр. Жаңағы бағаға бір адам Астанаға Көкшетаудан бара алады.

Номері 8 ші маршрутта халық иін тіріседі. «Селёдка» болып, жұмысқа леге алса барады. Керсінше, 4,21 автобустар 1,2 пармен ғана жүреді. Автобус аялдамалары дұрыс ойластырылмаған. Мәселен, 21 автобус Зеренді трасасына шығады, бірақ Зеренді тұрғындарына ыңғайлы аялдама жоқ. Жұрттың бәрі жеке көлік мінбейді, қымбат таксиге күнде отырмайды.

Осыған қала әкімі қарай алмаса, облыс әкімі Марат Мұратұлы өз назарына алса екен.

Ғалымтай Төлепберген, Көкшетау қаласының тұрғыны.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз