Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерге өз қызметін көрсететін жеке ұйымдардың заң үстемдігін сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментінің бірлесіп, ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында «Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы» диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.
Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.
Ақмола облысының прокуратурасы.