Суббота, 21 декабря, 2024
-17.9 C
Kokshetau

Артында 11 баласы қалған полицейдің қазасы. Жамбыл облысындағы жол апаты жайлы тың дерек

Жамбыл облысындағы республикалық тас жолдағы жол апатынан қаза тапқан алты адамға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Kris_p_almaty арнасы патрульдік көлікте облысқа танымал полицей – 11 баланың әкесі Ғалым Арыстанбаев болғанын жазды. Балаларының сегізі асырап алынғаны белгілі болды.

Ғалым Арыстанбаевтың жұбайы Әлия Көбегенованың мамандығы мұғалім, қазір үйде бала тәрбиелеп отыр. Әзербайжан, татар, қытай, өзбек, орыс, ұйғыр өсіп жатқан көп ұлтты отбасында бәрі қазақ тілінде сөйлеседі екен. 5 ұл, 6 қыз тәрбиелеп өсірген Арыстанбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы және республикалық кезеңнің финалисті атанған екен.

Сонымен қатар Арыстанбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қатысушысы болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Skoda Octavia патрульдік көлігінде болған екі полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

Олар: Жүргізуші Әбішкен Абылайхан Саутұлы, 05.08.1992 жылы туған, ал  жолаушы Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлы, 25.04.1978 жылы өмірге келген. ⠀

Айта кетейік, Toyota Alphard автокөлігіндегі 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы 4 адам Мерке аудандық орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.⠀

  • Жолаушы Иззатуллаева Гүлчехра Икматуллақызы, 06.05.1993 ж.т., Астана қаласында тұратын. Оқиға орнында қаза болды.
  • Жүргізуші Исмаилов А.Ш. «Тізе буынының ашық сынығы» диагнозымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
  • Жолаушы Тожибаева Шахиста Камилханқызы, 02.07.1993 ж.т., тірі. Ол  «Оң жақ иық буынының жабық сынуы» диагнозымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
  • Жолаушы Хажиев Шахид Мухиддинқызы, 06.04.1996 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда тұр.
  • Кәмелетке толмаған жолаушы Хажиева Шахризода, 13.02.2023 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда жатыр.

Басқа зардап шеккен 3 адамның жеке мәліметтері анықталған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты, оның ішінде екі патруль болғанын жазған едік. Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның «Skoda Octavia» патрульдік көлігімен соқтығысқан.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img