АЭС қай ақшаға салынады. Оның бірі өзі жаурап тұрған Ұлттық қордан және Зейнетақы қорынан алына ма? Оны Ресей салса, оған халықаралық финанс институттары ақша бермейді. Қаржы қоры таусылып бара жатқан Ресейге қаражат керек. Біздегі екі елдегі жемқорлар үшін АЭС тің салынғанынан,АЭС тің салынатыны қызық.
Президент соңғы бір сөзінде Зейнетақы қоры шетелдік инвесторларға ашық болуы керек деп мәлімдеген болатын. Сонда ол инвесторлар ресейліктер болмасына кім кепіл.
Ана жылы Әзірбайжанға кеткен зейнетақы қоры ақшасының ізі суып кетті…Онда әр қазақты құлан — таза қылып тал түсте тонаудың көкесі сол болмақ па?
Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.