Мемлекеттік қызмет — бұл тек лауазым, өкілеттіктер және заңда белгіленген міндеттер шеңбері ғана емес. Ең алдымен, бұл — өз жұмысын күнделікті атқара отырып, қоғамның мемлекеттік билікке деген көзқарасын қалыптастыратын адамдар.
Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне, жауапкершілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне және өз жұмысын адал орындау қабілетіне көп нәрсе, соның ішінде азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімі байланысты.
Сондықтан мемлекеттік қызметті саналы түрде кәсіби таңдау ретінде қабылдаған, ал адалдықты, жауапкершілікті және адамдарға деген құрметті күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналдырған азаматтардың нақты мысалдары ерекше маңызды.
Осындай азаматтардың бірі ретінде Ақмола облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абсаматова Гүлдана Манапқызын атап өтуге болады.
Гүлдана Манапқызы 1993 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданының Полтавка ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі инспекторы лауазымынан бастаған.
2018 жылы Ақмола облысы Әділет департаментінің Бурабай ауданының әділет басқармасына жетекші маман лауазымына мемлекеттік қызметке қабылданды. 2020 жылдан бастап тіркеу қызметі саласында еңбек етіп келеді. Алдымен жетекші маман, 2023 жылдан бастап Ақмола облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарып келеді.
Оның кәсіби қызметі он жылдан астам уақыт бойы әділет органдарымен байланысты. Еңбегіндегі адалдығы үшін бірнеше рет грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Сонымен қатар Гүлдана өз жетістіктеріне тән қарапайымдылықпен қарайды. Ол үшін нәтижелері туралы айтудан гөрі, оны күнделікті еңбегімен дәлелдеу маңызды.
Өз мамандығын таңдауы туралы ол шынайы ықыласпен былай дейді: «Мен үшін мемлекеттік қызмет — ең алдымен, өз ісіңе деген жауапкершілік. Әрбір жұмыс мәселесінің артында адамдардың мүддесі тұр, сондықтан өз ісіңе мұқият әрі адал қарау қажет».
Әріптестері Гүлдананы мейірімді, әдепті және жанашыр адам ретінде сипаттайды. Ол ұжымда жұмыс істей біледі, жұмыс барысында туындаған жағдайларға байыппен қарайды және қажет болған жағдайда әріптестеріне қолдау көрсетуге тырысады.
Бос уақытында Гүлдана кітап оқығанды ұнатады. Бұл оған жұмыс қарқынынан бір сәт алшақтап, ой-өрісін кеңейтуге және жаңа дүниелерді тануға мүмкіндік береді.
Гүлдана Манапқызының кәсіби жолы — бұл әділет органдарындағы он жылдан астам еңбек өтілі, инспектордан бас маманға дейінгі қызметтік өсуі, кәсіби дамуы және таңдаған мамандығына деген адалдығы.
Мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенім осындай күнделікті еңбек пен нақты адамдардың кәсіби қызметі арқылы қалыптасады. Азамат білікті, адал әрі мұқият маманмен кездескен кезде, ол тек нақты қызметкер туралы ғана емес, тұтастай мемлекеттік орган туралы да түсінік қалыптастырады.
Э.Қабышев,
Ақмола облысы Әділет департаменті
басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкілі







