Географиялық нұсқама-тауардың белгілі бір аумақтан,өңірден немесе жергілікті жерден шыққанын айқындайтын белгі. Тауардың сапасы, беделі немесе басқа да сипаттамалары оның географиялық шығу жерімен байланысты болады. Географиялық нұсқама зияткерлік меншікті қорғауда маңызды рөл атқарады және өндірістің бірегей дәстүрлерін сақтауға ықпал етеді.
Географиялық нұсқаманың негізгі мақсаты-тауар атауларын жосықсыз пайдаланудан өндірушілердіқорғау және тұтынушыларға тауардың шығу тегі туралы нақты ақпарат беру. Мысалы,белгілі бір табиғи жағдайлар,климат,топырақ құрамы, дәстүрлі технологиялар немесе жергілікті өндірушілердің көпжылдық тәжірибесі тауарға басқа ұқсас өнімдерін ерекшелендіретін ерекше қасиеттер бере алады.
Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 10 географиялық нұсқамалар тіркелген. Соның ішінде («Көкшетау балмұздағы», «Көкшетау майы», «Бурабай балы», «Көкшетау сабыны», «Кокшетау қөйылтылған сүт», «Кокшетау тас төсеуіш», «Көкшетау сүрленген палауы», «AQUA-BURABAY», «Көкшетау халва», «Кокшетау сүйық сабыны»
Географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғаудың маңызды экономикалық мәні бар. Осындай қорғаудың арқасында өндірушілер өз өнімдерінің танымалдығын арттырып, оның беделі мен ішкі және халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайта алады. Сонымен қатар,географиялық нұсқамалар өңірлердің дамуына,шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға,мәдени мұраны және дәстүрлі өндіріс тәсілдерін сақтауға ықпал етеді.
Тұтынушы үшін географиялық нұсқама тауардың шығу тегі мен сапасының өзіндік көрсеткіші болып табылады. Сатып алушы өнімнің белгілі бір аумақпен байланысты ерекшеліктері бар екенін біле отырып, саналы түрде таңдау жасауға мүмкіндік алады.
Осылайша географиялық нұсқама зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудыңмаңызды құралы болып табылады. Оның дамуы өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға,өңірлік өнімінің құндылығын арттыруға және әртүрлі аумақтардың бірегей ерекшеліктерін сақтауға ықпал етеді.
Қ.Сандыбай,
Ақмола облысы әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары бойынша
бөлімінің басшысы








