spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau

Тіл үйренудің орнына – түрлі дін үйреніп, сақал қойып, қара жамылып, қазағынан жеріп кеткен жайы бар…

Жылдар бойы Көкшетауда қазақ ұлтының еңсесін көтеретін іс -шаралар атқарылмай келді. Облыстың идеология саласын басқарғандар үнемі «сен тимесең, мен тимеймін бадырақ көз деп»- деп жүре берді. Қаламызда жалпы халықтық мерекелерде негізгі тіл – орыс тілі.

Көкшетау қазағы соңғы 15 жыл ішінде – орыс тілді қазақтарға айналып болды. Кеңес билігі тұсында тіпті осыншама қазақ дәл осы Көкшетауда орысша сөйлемеп еді. Бұл өзі жеке зерттелетін ұлттық проблемаға айналып отыр. Ол кезде қазақ тілінің мәйегін сақтап келген ауылдар тірі еді.

Сондықтан, ол кезде қалада тұратын болар – болмас «асфальтный» қазақтар сөйлеуші еді. Кезінде большевиктер жаппай ұжымдастырып , колхоз құрса, коммунист Назарбаев жаппай жекешелендіріп, ауыл халқы тентіреп кетті. Қала қазақтанды , бірақ ,қазақы мәдениеттенбеді. Мәдени инфраструктура, идеология сол баяғы советтік дәстүрден қол үзбеді.

33 жылда Көкшетау қаласында 4 мектеп қана мемлекет тілінде. Төртіншісін дауласып жүріп зорға дегенде қазақ тілінде аштық. Халықтың 60 % жуығы қазақ болып тұрған Көкшетау Қазақстанда орыс тілі,мәдениеті, коммуникациясы орысша қала ретінде танылады.

Жағдайдың бұлайша қалыптасуына қазақ тіліне қатысты жалпы мемлекеттік саясаттың тұрақсыздығы объективті себептің бірі. Қазақ тілінің престижінің төмендеуіне филолог ғалымдарға дейін өз үлестерін қосты. Орыс тілінің шылауында болып келген тілді ағылшын мен де тоқпақтап есінен тандырды.

Өзбек олай істемепті,бірақ оларда ағылшын тілін жылдам үйренгені бізден көп, алақандай грузин өз тіліне біздің тіл мамандары сияқты нигилистік көзқараста болмапты, бірақ олардың жастары үшін орыс тілі маңызды емес. 900 мың ғана халқы бар эстон барлығын өз тілінде сайратып қойды.

Қазақ тілінде әлемде 20 миллион қазақ сөйлейді. Ал біздің жастарымыздың санасының деңгейі соңғы жылдары тіпті де түсіп кеткен. Тіл үйренудің орнына – түрлі дін үйреніп, сақал қойып, қара жамылып, қазағынан жеріп кеткен жайы бар…

Асланизм осы саяси ессіздіктің нәтижесі. Біз проблеманың үнемі салдарымен күресеміз, түпкі себепті тауып, диагноз қойып әлеуметті емдеудің орнына.

Ғалымтай Төлепбергенов, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

spot_img