-14.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарСкриншотқа сенді, ақшасынан айырылды: жалған инвестицияның кезекті құрбаны

Скриншотқа сенді, ақшасынан айырылды: жалған инвестицияның кезекті құрбаны

Сондай-ақ, оқыңыз...

Интернеттегі жалған инвестициялық платформалар арқылы жасалатын алаяқтық әлі де ең көп таралған қылмыстардың бірі болып отыр. Құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан, кей азаматтар «тиімді инвестицияға» сеніп, жеке жинақтарын аударып, сан соғып қалып жатыр.

Осындай кезекті дерек Қосшы қаласының полициясы тарапынан тергелуде. Жәбірленуші — Петропавл қаласының зейнеткері. Ол 2025 жылдың ақпанында интернеттегі «жылдам табыс» уәде еткен инвестициялық жарнамаға сенген.

Белгісіз адамдардың нұсқауымен әйел көрсетілген шоттарға 10 млн теңгеден астам қаражат аударған. Бірнеше ай бойы алаяқтар онымен байланыста болып, инвестиция «табысты» екенін айтып сендірген. Тіпті жалған жеке кабинет скриншоттарын көрсетіп, қаражаты 20 млн АҚШ долларына дейін «өсті» деп алдаған.

Кейін ақшаны шешіп алу үшін түрлі сылтаумен қосымша төлемдер (комиссия, салық, шотты белсендіру) талап еткен. Ал «қауіпсіздік қызметіне» хабарласқанда операцияны «Лондон банкі бұғаттады» деген жалған жауап берілген.

Тек содан кейін ғана зейнеткер алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Ол құқық қорғау органдарына бір жылдан соң жүгініп, хат алмасулар мен скриншоттарды тапсырған.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға, интернеттегі күмәнді инвестицияларға сенбеуге және белгісіз шоттарға ақша аудармауға шақырады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз