Басты бетШежіреАтбасарлық мерген қыз

Атбасарлық мерген қыз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Тарихи деректерге жүгінетін болсақ, екінші дүниежүзілік соғысқа Кеңестер Одағы бойынша 1 миллионнан астам әйелдер қатысыпты. Олардың ішінде жүздеген қаракөз қандастарымыз — қазақ қыздары да бар болатын. Қан майданда елін жаудан қорғауда ерлермен  бірге саз кешіп, мұз жастанды. Соғыстың қиын қыстау азапты күндері мен түндеріне шыдап төзе білді. Солардың бірі – атбасарлық жауынгер, мерген Варвара Чернышова еді.

В. Чернышова Атбасар ауданының Полтавка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы майданға өз еркімен жіберуін өтінеді. Ол туралы: «Әкем Алексейді жасы келгендіктен соғысқа алмады. Тылда еңбек етті. Колхоздың басқармасы болды. Оның жетекшілігімен колхозшылар майданға 22000 сом қаржылай көмек жасады. Әкем соғысқа баруыма қарсылық танытқанымен,  мен алған бетімнен қайтпадым. Құрбыларым Галина Хасанова («Простор» газетінің бұрынғы редакторы Табрис Тинчуриннің әйелі), Полина Вербицкая, Вера Чуйкина    аудандық әскери қорғаныс бөліміне барып соғысқа жіберуді талап еттік. Бізді әскерге алатын болып шешті. Мергендер дайындайтын мектепке оқуға жіберді…» деп естелігінде жазады.

Құрбы қыздар соғысқа бірге барғанымен әр бөлімдерге түседі.  Мергендердің соғыс жылдарындағы ұраны «Что ни патрон — то фашист!» деп аталатын. В. Чернышова тасада отырып окоптан басы қылт ете түскен немістерді жер жастандыратын. Алғаш рет майданға кіргенде бомбаның астында қалады. Құлақ тұндыратын, ми шайқалтатын жарылыстардан және жарақатын ауырсынып ыңырсыған адамдардың дауыстарынан жас қыздың жаны түршігетін. Қорқынышты еді. Бірақ кейін атыстар мен шабыстарға бойы үйрене бастайды. Жаралы жауынгерлердің жарақатын таңып көмектеседі.

Қатардағы жауынгер В. Чернышованың кеудесінде «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» тағыда басқа медальдары жарқырайды. Соғыстан кейін ол Атбасардағы орта мектепте оқушыларға әскери дайындықтан дәріс береді. Ұстаз болып еңбек етеді. Одан кейін жеті жыл банкте қызмет жасайды.  Тұрмысқа шыққан соң Ресейдің Ангара қаласына қоныс аударады. Атбасарлық жауынгер достары Галина Хасанова, Полина Вербицкаямен хат жазып амандықтарын білісіп тұрыпты. Ал, қарулас құрбысы Вера Чуйкинаның соғысқа кеткеннен тағдыры белгісіз…

ТЕМІРБЕК ҚАСЫМЖАНОВ,

өлкетанушы 

 

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз