-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚымбатшылықтың кінәсі – ауа райы ма, әлде көзжұмбайлық па?

Қымбатшылықтың кінәсі – ауа райы ма, әлде көзжұмбайлық па?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Азық-түлік бағасы аспандап тұрғанда, Үкіметтің бұл жолғы түсіндіруі жұртты тіпті ойлантып тастады, деп хабарлайды Esilnews.kz.

ҚР Сауда және интеграция вице-министр Айдар Әбілдабеков Астана мен Шымкент арасындағы баға айырмасын «суық климат» пен «сақтау шығындарымен» байланыстырды. Әйтсе де, елордаға күн сайын екі сағаттық кептелісте тығылып жүретін халыққа бұл аргумент ешқандай жұбату бермейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ATAMEKEN BUSINESS (@atameken.business)

Астана халқы таңғы жетіден бастап жолға шығады. Жалғыз жұмысқа барып-келудің өзі – кемінде екі, кейде үш сағаттық сынақ. Мұндай қалада: «Базарға барып арзан ал»
– деген кеңес шенеуніктің өмір мен шындықтың арасындағы алшақтықты өз қолымен әшкерелеуі.

Кептелістен көз ашпайтын қалада кімнің уақыты бар?

Кім күндіз базар аралап жүреді?

Қыстың көзі қырауда қолқаны қаритын аязда Астананың сыртына шыққан жаяу адамды көрдіңіз бе?

Бұл кеңес – өмірде жоқ сценарийдің кабинетте туған нұсқасы.

Вице-министрдің өзі «Асем» базарына баратынын айтты. Вице-министр мырза бара алады – графигі бөлек, қызмет көлігі дайын, уақыты икемді.

Ал қарапайым адам ше?

Жұмыстан кеш шығады, баласын алып кетеді, кептеліске тұрады, үйге жеткенше түн болады.

Сол уақытта базар әлдеқашан жабық.

Осылайша, халыққа ұсынылған «шешім» шын мәнінде шешім емес – шенеуніктің көзқарасынан туған иллюзия ғана.

Ал қымбатшылықтың себебін «суық климатпен» түсіндіру – мүлдем бөлек әңгіме. Егер салқын ауа райы бағаны өсірсе, Сібірде бағалар бізден қымбат болуы керек еді. Бірақ олай емес.

Демек, кінә – табиғатта емес, бақылаудың әлсіздігінде.

Астанада халық көп деп, сұраныс жоғары болғандықтан баға да жоғары болуы керек деген пікір де экономиканың бастауыш курсына сәйкес келмейді. Керісінше, көп сұраныс – үлкен айналым, төмен баға, тұрақты жеткізілім деген сөз.

Бірақ біздің нарықта бәрі керісінше: сұраныс көп – баға одан да жоғары.

Бұл – бәсекенің жоқтығының, бағаны ұстап отырған топтардың және бақылаушы органдардың формалды жұмысының көрінісі.

Шымкент пен Астананың айырмашылығын ауа райынан іздеп әуре болудың қажеті жоқ.

Айырмашылық нақты: Шымкентте бағаны төмен ұстауға мүдделі бәсекелестік бар. Ал Астанада нарықта кім не қойса – сол жүреді.

Ең өкініштісі – биліктің ресми жауабы халықтың жағдайын түсінуге емес, жағдайды ақтауға көбірек ұқсайды.

Қымбатшылыққа кінәлі – ауа райы емес, жүйедегі көзжұмбайлық.

Ал халықты «арзан базарды өздерің табыңдар» деп бағыт көрсету – саясат емес, жауапкершіліктен қашу ғана.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын «Қазақ даласында ет неге қымбаттады?» тақырыбымен мақала жариялаған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз