More

    Өзге елде сұлтан болғанша…

    ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі күні  алыс, жақын шет елдерде 195 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істеп жүр екен. Олардың басым көпшілігі іргелес Ресейде болса, Польша, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания сияқты елдерде де  жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Жат елден бақыт іздеп кеткендер  онда бақыттарын тауып, бақуатты тірлік кешіп жатыр ма?

    Қазақта «Пәлен жерде алтын бар дейді, барсаң бақыр да жоқ» деген сөз бар. Бұл нақылдың мәні бүгінгі күні де жойылған жоқ. Әлеуметтік желілерде шет ел асқан кейбір жерлестеріміздің қазіргі аста-төк өмірін баяндайтын видеолары жетерлік. Дегенмен де, олардың бәрін шындық деп қабылдап, сене беруге болмайды. Өйткені, әркім өзі шыққан төбесін мақтайтыны белгілі жай. Ал сол мадақтап жүрген  дамыған шет елдердегі өмір туралы шынайы баяндайтын видеолар да аз емес. Шет елге бара сала өзі жалдап тұрып жатқан пәтерін, сатып алған автокөлігін көрсетіп мақтанатындардың сөздеріне елігіп, қандай керемет деп таңдай қағатындар жоқ емес. Шет елге бақыт іздеп кететіндер қатарының жыл санап көбейіп бара жатқаны да сондай ақпараттардың салдарынан десек, артық айтқандық болмас. Ал шынайы ақпараттарды өкінішке орай, көп адамдар онша жылы қабылдай қоймайды. Ондайларды, тіпті жолы болмаған, соған орай бәріне сол елдегі жағдайды кіналаушы деп қарайтындар да бар.

    Он жылдан астам Канадада жұмыс істеген бір қазақстандық ондағы өмірі туралы видеобаяндауында былай дейді:  «Айдың басында бір бума қағаз келеді, түрлі коммуналдық төлемдер, салық, тағы да басқа төлемдердің түбіртектері. Сол қағаздар бойынша тапқан табысыңның қомақты бөлігін төлеп құтыласың. Одан қалды жалға алған пәтердің ақысы, күнделікті тамағың  мен машинаңның бензині бар. Бір қарағанда  Қазақстан жағдайымен салыстырғанда қомақты табыс табатын сияқтысың, бірақ тапқаныңның көбі түрлі төлемдерге жұмсалады, ал бұндағы баға өте жоғары. Ақша жинап, қиындықтан құтыламын деген үмітпен өмірім өтіп келеді. Бірақ ақша жиналмайды. Өзімді шеңбер ішімен жүгірген тиін сияқты сезінемін. Шеңбердегі тиін қанша жүгірсе де, бір елі алға баспайды. Сол сияқты қанша жұмыс істесем де, бір тиын ақша жинай алмай, бар тапқаным түрлі шығындарды жабумен кетуде. Жылына бір рет алатын еңбек демалысында да дұрыстап демала алмаймын. Ал Қазақстанда адамдардың көбі бос уақыттарында қыдырып, түрлі ойын-сауық, демалыс нысандарына барып, уақыттарын өткізетінін әлеуметтік желілерден көріп, оқығанда қатты қызығамын.»

    Біз үшін Батыс елдерінде жұмыс істейтіндердің алатын жалақылары өте жоғары сияқты сезіледі. Шындығында, ол елдердегі өмір сүру деңгейі де жоғары, яғни басқалар сияқты тірлік кешу үшін біраз ақша қажет. Осылайша,  шет елдерде жұмыс істейтін отандастарымыз тапқандарының  қомақты бөлігін түрлі төлемдерге жұмсап, қалған азын-аулақ ақшамен жан бағады. Яғни, ол елдерде жұмыс істейтіндер байымайды да, кедей болып тақырға отырмайды да, әйтеуір бар уақыты мен күш-қуатын жұмысқа жұмсап, жоғарыда жерлесіміз айтқандай, шеңбер ішімен жүгірген тиін сияқты тірлік кешеді.

    Рас, біздің елімізде жалақы деңгейі Батыс елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Дегенмен де, біздегі баға да олардан көп арзан. Осыған орай, бүгінгі алып жүрген жалақымен де тарықпай-ашықпай өмір сүруге болады. Ал шет елге барғанда да осылайша бар тапқаның тамағыңнан артылмаса, онда сонша жерге барып жұмыс істеудің қаншалықты қажеті бар?

    Соңғы жылдарда Батыс елдерінен, әсіресе Германиядан кетіп жатқандар қатары көбейген. Олардың арасында Қазақстаннан, Ресейден барғандар  көп екен. Германияға барып молшылыққа батамыз деген үміттері ақталмаған соң қайтадан елге оралғандар үйренген туып-өскен жерден артық ештеңе жоқ  дейді. Қазақ «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп текке айтпаған ғой. Сондай-ақ, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген де нақыл бар. Яғни, мыңдаған шақырым жер жүріп, шет ел асып жан бағатын ғана табыс тапқанша, өз елімізде де сондай жан бағыстық табыс тауып, соны қанағат тұтып өмір кешкен дұрыс-ау.

    Қалкөз Жүсіп.

    Қалкөз Жүсіп
    Қалкөз Жүсіп
    ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етті. Қима аудандық «Дала таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің» редакторы, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ, республикалық «Заң газетінің» ұзақ жылдар Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан ақпарат саласының үздігі, түрлі республикалық конкурстардың жеңімпазы.

    Related articles

    Things the US has got wrong — and got right

    There are more than 1.4 million confirmed cases of coronavirus in 184 countries and at least 85,000 people have died. More than half of all the confirmed cases have been in Europe, with Spain and...

    Pregnancy during a pandemic is terrifying

    There are more than 1.4 million confirmed cases of coronavirus in 184 countries and at least 85,000 people have died. More than half of all the confirmed cases have been in Europe, with Spain and...

    Trump’s changing views on Covid-19

    There are more than 1.4 million confirmed cases of coronavirus in 184 countries and at least 85,000 people have died. More than half of all the confirmed cases have been in Europe, with Spain and...

    The US governor who saw it coming early

    There are more than 1.4 million confirmed cases of coronavirus in 184 countries and at least 85,000 people have died. More than half of all the confirmed cases have been in Europe, with Spain and...

    US death rates v China, Italy and South Korea

    There are more than 1.4 million confirmed cases of coronavirus in 184 countries and at least 85,000 people have died. More than half of all the confirmed cases have been in Europe, with Spain and...
    spot_img

    Latest articles

    LEAVE A REPLY

    Please enter your comment!
    Please enter your name here