-2.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Мен өлтірем деп ойлаған жоқпын…» — ашуын жеңе алмаған ақмолалық 10 жылға...

«Мен өлтірем деп ойлаған жоқпын…» — ашуын жеңе алмаған ақмолалық 10 жылға сотталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында алқабилер соты әріптесін өлтірген 22 жастағы жігітке үкім шығарды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Тергеу деректеріне сүйенсек, қайғылы оқиға 2025 жылдың мамыр айында болған. 22 жастағы У. мен оның әріптесі К. жұмыстан кейін үйге бірге қайтып бара жатқан. Жолда екеуінің арасында түсініспеушілік туындап, ашуға булыққан олар гараж маңында тоқтап, дауды шешуге тырысқан.

Сол сәтте К. жерден пышақ тауып алып, оны сермей бастаған. Қарсыласына ашуланған У. оны қылқындырып, кейін пышақты тартып алып, К.-ның мойын тұсына бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан К. оқиға орнында көз жұмды.

Қылмысын жасыру мақсатында У. әріптесінің мәйітін орманды алқапқа апарып, топырақпен көміп тастаған. Ал көлігіндегі қан іздерін жою үшін автожууға барып, салонын тазалап шыққан.

Алайда бір апта өткен соң ол өз еркімен полицияға барып, жасаған қылмысын мойындаған. Тергеу барысында айыпталушының кінәсі мойындау хаттамасы, оқиға орнын қарау деректері, сараптама қорытындысы, бейнебақылау жазбалары және өзге де айғақтар арқылы толық дәлелденді.

Алқабилер соты істі жан-жақты қарап, У.-ны кінәлі деп таныды. Сот жазаны тағайындау кезінде айыпталушының өз еркімен келіп, қылмысын мойындағанын және жастығын ескеріп, бұл жайттарды жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.

Үкімге сәйкес, айыпталушыға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот шешімімен марқұмның кәмелетке толмаған балаларына 7 миллион теңге, әкесіне 7 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы, сондай-ақ 1,5 миллион теңге материалдық және өкілдік шығын төлеу міндеттелді.

Аталған сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотты.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз