11.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЕрейментаудағы үйлену тойында тамақтан уланудың себебі анықталды

Ерейментаудағы үйлену тойында тамақтан уланудың себебі анықталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Ерейментау ауданында үйлену тойында уланған қонақтардың жағдайына қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зертханалық зерттеу кезінде тағам өнімдерінен ішек инфекциясын тудыратын бактериялар анықталған.

Оқиға 11 қазан күні болған. Тойдан кейін жеті адам өзін жайсыз сезініп, медициналық көмекке жүгінген. Зардап шеккендердің бір бөлігі аудандық, кейбірі елордалық ауруханаға жеткізілген.

«Зертханалық тексеріс қорытындысында тағам сынамаларында оң нәтиже анықталды. Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ұқсас белгілермен жаңа жағдайлар тіркелмеді», – делінген департамент хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, қоғамдық тамақтану орнында тексеру және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Нысан иесіне қатысты санитарлық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылған.

Іс материалдары Қылмыстық кодекстің 304-бабы (санитариялық ережелерді бұзу) бойынша Ерейментау аудандық полиция бөліміне жіберілген.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз