Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 11 маусымда Бурабай ауданындағы қонақүйлердің бірінің аумағында болған.
«Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі жолдың шетінде жүріп келе жатқан екі жаяуды қағып кеткен. Зардап шеккендердің бірі — 27 жастағы ер адам алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмса, оның жанында болған адам жеңіл дене жарақатын алды.
«Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді ведомстводан.
Осы ретте, ақмолалық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға жолда жүргенде абай болуға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.