Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл кентінде орнатылған жаңа сағаттың экранында мемлекеттік рәміздерді көрсететін бейнеролик TikTok-тен сутаңбасымен бірге алынғаны анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл — жай ғана техникалық қате емес, мемлекеттік мекемелердің ақпараттық сауаты мен қызмет сапасына қатысты орынды сұрақ тудырады. Видеоның субелгісіз нұсқасын жүктеу мүмкіндігі бола тұра, әкімдік өкілдерінің мұндай қарапайым әрекетті орындамауы — кәсібилік талаптарының сақталмағанын көрсетеді.
Бюджет қаржысына жасалған жұмысқа ұқыптылық та, жауапкершілік те керек. Сутаңбамен кеткен видео — жұмысқа деген көзқарастың өлшемі.
Әкімдік мұндай олқылықтарды «ұсақ-түйек» деп емес, қоғамның сеніміне әсер ететін маңызды көрсеткіш деп қабылдауы тиіс.






