-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Қазақавтожол»: ақша жинағанда алғыр, қауіпсіздікті сақтауда әлсіз

«Қазақавтожол»: ақша жинағанда алғыр, қауіпсіздікті сақтауда әлсіз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының Шортанды ауданында тағы да жолға қараусыз мал шығып, көлік апатына себеп болды. Әйел адам жарақат алды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бірақ мұндай жағдай елімізде жиі қайталанып келеді.

Жолдарда емін-еркін жайылып жүрген сиырлар – дамыған ел емес, Үндістан көшелерін еске түсіретін көрініс. Ал біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Жыл сайын «Қазақавтожол» жол сапасына ақы жинайды, қазынадан қыруар қаржы алады. Бірақ ең қарапайым қауіпсіздік – жол бойында малдың алдын алу ісінде дәрменсіз.

Жақында Көлік министрлігі ақылы жолдарға қатысты жаңа тәртіп енгізді. Егер жолдың белгілі бір бөлігі жөндеуді қажет етсе, сол аралықта төлем алынбайды. Бұл – әділетті шешім. Өйткені сапасыз жолға ақы төлеу – ақылға қонымсыз. Дегенмен, мұның өзі «жол сапасын қадағалау жүйесі неге бұған дейін дұрыс жұмыс істемеді?» деген сұрақты алға тартады.

Тиісті мекемелер тек асфальт төсеп, ақша жинаумен шектелмеуі тиіс. Жолдағы басты мәселе – адамдардың өмірін қорғау. Қараусыз малдың немесе ақаулы жолдың кесірінен болған әрбір апат – мемлекеттің абыройына сын. Егер қарапайым қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмасақ, «Қазақавтожол» кім үшін жұмыс істеп отыр деген заңды сауал туады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз