-6.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАвтомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау бақылауда

Автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау бақылауда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау қатаң бақылауда. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалының мамандары қыс мезгілінде автожолдардың күтіп-ұсталуының сапасын тұрақты түрде қадағалауда.

Қыстың алғашқы күндерінен бастап өңірде қалың қар жиі жауып, тас жолдарда қатты жел, аяз және көктайғақ байқалады. Бұл аймақ жолдарымен қатынайтын жүргізушілер үшін үлкен сынаққа айналады. Мұндай кезде жол ұйымдарының жедел әрі уақтылы атқаратын жұмысы аса маңызды. Себебі олардың тиімді іс-қимылы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, автожол пайдаланушыларына қолайсыздықтардың алдын алады.

Жол мамандарының айтуынша, бұл бақылау жол қозғалысы қауіпсіздігі мен асфальтбетон жабынының жай-күйіне тікелей әсер етеді.

«Біз автожол учаскелеріне тұрақты түрде шығамыз. Жол ұйымдарының көктайғаққа қарсы материалдарды себу жұмыстарын қалай жүргізіп жатқанын, техниканың жұмысын, қар тазалау шараларының орындалуын, жол және ескерту белгілерінің дұрыс орнатылуын тексереміз. Мұнда барлық жұмыстардың жедел әрі уақтылы атқарылуы өте маңызды. Автожол бойындағы қар тоқтататын қоршаулар, әсіресе қар жиі үйілетін учаскелерде, талапқа сай жағдайда болуы тиіс. Жыл басынан бері біз автожолдарды қысқы күтіп-ұстау сапасын тексеру үшін 28 рет тексеріс жүргіздік», – деді филиал басшысы Талғат Қайратхан.

Мамандар өңір тұрғындарына ауа райы күрт нашарлаған жағдайда, қатты жел, қалың қар, көктайғақ және көріну шектеулі болған кезде алыс сапарлардан бас тартуға кеңес береді. Қолайсыз ауа райында жолға шыққан кезде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтау, автокөліктің техникалық жарамдылығын және барлық құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау қажет. Өз кезегінде, Ақмола облысының жол ұйымдары автомобиль жолдарында тәулік бойы жұмыс атқарып, көптеген техника мен адам ресурсын жұмылдыруда.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз