1.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Атбасар – Көкшетау» жолында көлік қаққан 72 жастағы ер адам көз жұмды

«Атбасар – Көкшетау» жолында көлік қаққан 72 жастағы ер адам көз жұмды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында тағы бір жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды. 2025 жылғы 4 қазанда «Атбасар – Көкшетау» бағытындағы тасжолдың Борисовка ауылы маңында Toyota Avensis маркалы автокөлік 72 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Өкінішке қарай, зейнеткер алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Тексеру барысында жүргізушінің оқиға орнынан қашып кетпегені, көліктің нөмірсіз болмағаны анықталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Құзырлы органдар әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз